Текст
Қазақ халқы ағартушылар мен ұстаздарды төрге отырғызсақ деген еді. Сол идея бүгінгі таңда іске асты. Қазір біз төрде отырмыз. Мұғалімдерді қоғам да мойындады. Ата-ана да, оқушы да мұғалімдерсіз тәлім-тәрбие ала алмайтынын түсінді. Мұғалімдерге барлық жағдай жасалып отыр. Енді мұғалімдердің өзіне байланысты. Сондықтан айтарым, ұстаз осы атаққа лайық болу керек. Ол үшін мұғалімнің жүріс-тұрысы да, киген киімі де, сөйлеген сөзі де өнеге тұтарлықтай болу керек. Мұғалім сондай дәрежеге жетсе ғана оқушылардың жүрегінен орын алады.
© Орынша Қарабалина, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы
@edu_news_qz