1-2 қараша күндері «Ерейментау қаласы №2 мектеп-лицейі» КММ-сінде математика ұстазы Балташ Сыздықұлының сыйлығына арналған математика-жаратылыстану бағыты пәндері бойынша (математика, физика, биология, география) аудандық әкім олимпиадасы өтті. Мектептен бес оқушы қатысты: Тлегенов Алишер -9 сынып оқушысы (биология), Островский Дмитрий -10Б сынып оқушысы (биология), Вихляев Александр – 9Б (география), Мынбосын Мамадияр – 10А сынып оқушысы (математика), Шиптенко Камила -10Б сынып оқушысы (физика). Олимпиаданың салтанатты ашылуы және әкіммен кездесу 1 қараша күні сағат 17.00 де өтті, келген қонақтар оқушылармен сөз бөлісіп, әр мектептен аудан бойынша келген ең мықтыларға жол сілтеп, сәттілік тіледі. Олимпиада 2 қараша күні сағат 09.00-13.00 де дейін өткізілді. Олимпиада нәтижесі бойынша мектеп үміткерлері жүлделі орыындарға ие болды: Тлегенов Алишер -3 орын, Островский Дмитрий -3 орын, Вихляев Александр – 2 орын , Мынбосын Мамадияр – 3 орын, Шиптенко Камила – 2 орын.