"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының Насыр Смағұлов атындағы мектеп - лицейі" КММ-cі
КГУ "Школа-лицей имени Насыра Смагулова города Ерейментау отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Латын әліпбиіне көшу маңыздылығы

19.09.2017

2017-2018 оқу жылында

мектебімізде Қазақстан халықтары күндеріне орай онкүндік өтуде. Осы онкүндік

шеңберінде 9-11 сыныптары мен мектеп ұстаздарының арасында «Латын әліпбиіне

көшу маңыздылығы» атты дөңгелек үстел өтті. 

Сөз басын  11 –сынып оқушысы

Наурзбаева Аделия латын әліпбиіне көшу туралы Елбасының сөздерімен бастады. "Президент

"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында латын әліпбиіне көшу

туралы идеяға қайта тоқталып, осы идеяны жүзеге асыруға қатысты нақты жоспарларды

айтады

2025 жылға қарай іс-қағаздарын,

мерізімді баспасөзді, қала берді оқулықтарды латын әліпбиімен басып, шығара

бастауымыз керек. Ол үшін биылдан қалдырмай ғалымдар қоғам өкілдерімен

бірлесіп, қазақ алфавитінің жаңа тұрпаттағы нұсқасын қабылдау қажет.

Біріншіден, өзіміздің

төл әліпбиіміз,төл жазуымыз пайда болады. Екіншіден, халықты біріктіретінтағы

бір амалы бар. Сонан кейін латын әліпбиі-әлемдік ақпараттың құралы. Латын әліпбиіне

көшу үлкен стратегиялық маңызға ие. Әлемдегі ең дамыған ғылми жәнеәдеби туындылар

осы әріптермен жазылатындықтан, жаһандық өркениетке жақындауға зор ықпал етеді.

Осы бұлтартпас тұжырымды

зиялы қауым өкілдері де қолдап отыр.

Латын әліпбиін көшу — Қазақстан үшін өте

керекті дүние. Бұл бір күнде болатын дүние емес,  Елбасының «Қазақстан-2050»

Стратегиясына сәйкес жүріп жатыр. Бұл біріншіден жастарымыздың болашақта

дамуына үлкен септігін тигізеді. Бұл қоғамның әлемдегі ең дамыған ғылымға, әдебиетке

жақындауына өз үлесін тигізеді.

Білімді, отаншылдықты дамыту, бәсекеге қабілеттілікті

арттыру, ұлттық бірегей тектілік дегеннің өзі үлкен көкжиетерге жетелейді деп

ойлаймын. Латын әліпбиіне көшуміздің өзі көп жаңалық әкелетіні сөзсіз.Бірақ

тарихымыздың көп парағы кириллицамен жазылғанын ескеріп, жылдар бойы жинақталған

ұлттық мәдениетімізді сақтап қалу маңызды. «Жаңа жазумен дамудың жаңа жолына түскенмен,

ескі жазудан құралған ұлттық мұраларымызды жоғалтып алмау керек», — дейді ғалымдар.

Просмотров: 273


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст