"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің Ерейментау қаласының Н.Смағұлов атындағы мектеп-лицейі" КММ-сі информатика пәнінің мұғаліміне бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:
Негізгі функционалдық міндеттері:
Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады, білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді. Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады. Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды. Электронды журналдарды толтырады. Жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқушылар мен деңгейден төмен емес тәрбиеленушілердің пәндік нәтижелерін, отбасылық-қызметтік, тұлғалық жетістіктерін қамтамасыз етеді. Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді. Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді. Арнайы (түзету) білім беру мекемелерінде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамуында ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады. Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді. Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады. Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды. Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады. Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді. Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 179933 теңгеден 565469 теңгеге дейін.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспектикваларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға ХҚКО арқылы "Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің Ерейментау қаласының Н.Смағұлов атындағы мектеп-лицейі" КММ-сіне келесі құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, "Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің Ерейментау қаласының Н.Смағұлов атындағы мектеп-лицейі" КММ-нің директорының атына тіркелген жері, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін нотариат немесе жұмыс орнынан кадр қызметі растайды.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін үміткер Ерейментау қаласының Н.Смағұлов атындағы мектеп-лицейінің қарауына оның кәсіби жетістіктері, Біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар "Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің Ерейментау қаласының Н.Смағұлов атындағы мектеп-лицейі" КММ-нің ресми сайтында хабарландыру жарияланғаннан кейін 7 жұмыс күн ішінде "Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің Ерейментау қаласының Н.Смағұлов атындағы мектеп-лицейі" КММ-нің сенбі және жексенбіден басқа күн сайын сағат 09.00-ден 18.00-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін тапсырылуы тиіс.
Анықтама телефоны 2-29-94, 2-38-22 электрондық мекенжайы shool-licey@mail.ru.