Текст
5 қыркүйек 2019 жылы Н Смағұлұлы атындағы № 2 орта мектеп- лицейінде Қазақстан Республикасының тілдері күніне арналған ашылу салтанаты өтті. Аталған шараға мектебіміздің 5-11 сынып оқушылары, мұғалімдер және мектеп әкімшілігі қатысты. Салатанатты жиын мемлекет ік әнұраннан басталды. Тілдер күніне арналған декаданың ашылуымен мектеп директорының орынбасары С. Икласова құттықтады. Іс- шара барысында Жепенов Бахтияр, қобызшылар ансамблі, мектептің көркемсөз үйірмесінің мүшелері өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар барша жиналған оқушыларға арнайы дайындалған видео материал көрсетілді.
Іс- шара соңында мектептің гуманитарлық бағыттың жетекшісі Қ. Тулеева декаданың жоспарымен таныстырды.