5 қыркүйек 2019 жылы Н Смағұлұлы атындағы № 2 орта мектеп- лицейінде Қазақстан Республикасының тілдері күніне арналған брифинг өтті. Аталған іс шараға мектептің қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі және тарих мұғалімдері қатысты. Брифнгтің мақсаты : тілдер күніне арналған декаданың жоспарын құру, өткізілетін іс шаралардың тақырыптары мен күнін белгілеу және мұғалімдер арасында пікір алмасу.
Кездесу барысында қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Г. Жапабаева “ Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде” тақырыбы бойынша ой толғады. Екінші болып ағылшын тілі мұғалімі Н. Крюков “ Тілдері күнінің маңыздылығы” тақырыбында өз пікірін білдірді. Жиналыс соңында мектептің гуманитарлық циклдың жетекшісі Қ. Тулеева жиналғандарды декаданың жоспарымен таныстырды. Брифинг барысында мұғалімдер бір- бірімен пікір алмасып, сұрақтар қойылды.