1 қыркүйек білім күнімен, жаңа оқу жылының басталу мерекесімен құттықтаймыз! Жаңа оқу жылына Н. Смағұлов атындағы мектеп – лицейінің педагогикалық ұжымы толығымен дайын. Жаз бойы мұғалімдер арнайы курстардан өтіп, білімдерін көтерді. Жаңадан математика, ағылшын, информатика, қазақ тілі пәндері бойынша мұғалімдер келіп, қосылды.
Бүгін тарыдай болып 1-ші сыныпқа оқушы атанып, мектеп табалдырығын аттауға 50 -ден аса бүлдіршіндер келіп отыр.
Ұстаздар жас ұрпақты тәрбиелеу жолында қажырлы, өлшеусіз еңбектеріңіз әркез жемісті бола берсін! Шығармашылық игі бастамаларыңызға, педагогикалық ізденістеріңізге жаңа серпін, толағай табыстар тілеймін!
Ал оқушыларымызға осы тамаша заманның керемет мүмкіндіктерін пайдаланып, ілім-білім жинауға қашанда асығыңдар! Озық ойлы, өрісі кең, өрелі азамат болуға әркез ұмтылыңыздар!