"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының Насыр Смағұлов атындағы мектеп - лицейі" КММ-cі
КГУ "Школа-лицей имени Насыра Смагулова города Ерейментау отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Білімді жастар-жарқын болашақ" жас педагогтер семинары өткізілді.

05.02.2024

31.01.2024 жылы Ақмола облысы,  Ерейментау  ауданы,  "Н.Смағұлов атындағы мектеп-лицейі" КММ-сі базасында Ақмола облыстық әдістемелік  кабинетінің "Жас педагогтер Одағы"  негізіндегі Ерейментау  ауданы филиалының жоспарына сәйкес "Білімді жастар-жарқын болашақ"  жас педагогтер семинары өткізілді. Семинардың басты мақсаты:  жас педагогтерге әдістемелік көмек беру;  -заманауи  білім беру технологияларымен таныстыру.

Семинар барысында жас педагогтерге оқыту мен тәрбиелеу процесінде қолданылатын  белсенді әдіс-тәсілдер тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар,  гуманитарлық,  жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша үлгі сабақтар көрсетілді. Әр үлгі сабаққа жас педагогтер кері байланыс беріп,  қмж құрастыру,  бағалау процесі бойынша туындаған сұрақтарға  жауап алды.

Семинардың пленарлық бөлімінде "Жас педагогтер Одағы"  құрылымы мен жоспары,  "Оқушы бойында шығармашылық қасиеттерді дамыту",  " Тәлімгер мен тәлімалушы жұмысын ұйымдастыру" тақырыптары таныстырылып,  соңында педагог-психологтың қатысуымен тренинг ұйымдастырылды.

 

Ерейментау  ауданы бойынша "Жас педагогтер Одағы"  төрағасы А.Н.Нурмухаметов.

Просмотров: 1195


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст